Франция астанасында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында Иран бір алтын, екі қола медаль жеңіп алды. Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, кеше, тамыздың 7 күні ирандық балуан Мoхаммадхади Сарави грек-рим күресінен 97 келі салмақ дәрежесінде армян балуаны Артур Алексанянды 4:1 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленді.
Сонымен қатар, кеше таэквондодан әйелдер арасында 49 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Мобина Нематзаде қола медаль жеңіп алды. Нематзаде Сауд Арабиясының спортшысы Дуня Әли М. Абуталебпен кездесті.
Бұған дейін грек-рим күресінен 130 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Амин Мирзазаде қола медаль алып, Иран қоржынына алғашқы медальді салған болатын. Мирзазаде әзірбайжандық балуан Сабах Салех оглы Шариатиді 4:0 есебімен жеңді.
Жазғы Олимпиада ойындарының соңғы 12 күнінің қорытындысы бойынша Иран құрамасы 1 алтын, 2 қола медаль жеңіп алды. Иран медальдар саны бойынша 43-ші орында.


















