Оман мен Иранның Ормұз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігін басқару жөніндегі жауапты шаралары әлемдік қоғамдастықтың мүддесіне сай келеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи мен Оман Сұлтандығы Сыртқы істер министрі Бадр Әл-Бусаидимен телефон арқылы сөйлескенде мәлімдеді.
Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Сейіт Аббас Арақчи мен Оман Сыртқы істер министрі Бадр Әл-Бусаиди бүгін жұма күні түсте телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты қарым-қатынас пен аймақтағы жағдайларды талқылады.
Иран Сыртқы істер министрі Пәкістанның араағайындығымен жүріп жатқан дипломатиялық үдерістің барысын түсіндіре келе, түпкілікті келісімге қол жеткізу АҚШ тарапының ашкөздік көзқарасы мен тұрақсыз әрі қайшылықты ұстанымдарын тоқтатуына байланысты екенін, сондай-ақ, Иран Ислам Республикасы өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауда байсалды әрі табанды екенін баса айтты.
Министр Оманның аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатысты мәселелердегі сындарлы әрі жауапты ұстанымын, соның ішінде Иран-АҚШ келіссөздеріндегі араағайындық рөлін жоғары бағалады. Ол АҚШ-тың Оманға бағытталған қоқан-лоққы риторикасын айыптап, Оман мен Иранның Ормұз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігін басқару жөніндегі жауапты шаралары халықаралық құқық нормаларына негізделгенін және әлемдік қоғамдастықтың мүддесіне сай келетінін еске салды.
Телефон арқылы сұхбат барысында тараптар екіжақты байланысты кеңейту жолдарын, сондай-ақ, аймақтағы сенімділік, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту үшін өзара іс-қимыл жасау мәселелерін талқылады.

















