Ормұз бұғазындағы ахуал және орталық банктер саясаты әлемдік нарықтарға әсерін тигізуде.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, FхPro компаниясының аға сарапшысы Мишел Салиби Ормұз бұғазындағы жалғасып жатқан дағдарыс пен орталық банктердің қатаң ақша-несие саясаты әлемді экономикалық құлдырау шегіне жеткізіп, өсім қарқынын 3 пайыздан төмендеткенін ескертті.
Сарапшы Мишел Салиби әлемдік нарықтардағы қазіргі жағдайды сипаттап, әлемдік экономикадағы тұрақтылықты қалпына келтіру үшін кемінде бір жыл уақыт қажет екенін айтып: «Тіпті Ормұз бұғазындағы мәселе бүгін шешілген күннің өзінде, әлемдік экономиканың жандануы үшін алты айдан бір жылға дейін уақыт керек»,-деді.
Салиби әлемдік орталық банктердің, соның ішінде Америка Құрама Штаттарының Федералды резервтік жүйесі мен Еуропалық орталық банктің жағдайына тоқталып, аталған институттарға инфляцияның болашақ саясатқа тигізетін әсерін бағамдау үшін көбірек уақыт қажет болатынын атап айтты.
Ливандық сарапшы бұл жағдайдың араб елдерінің орталық банктеріне де тікелей әсер ететінін ескертті. Оның айтуы бойынша, пайыздық мөлшерлемелерді көтеру кейбір тұстарда олар үшін тиімді болғанымен, жалпы ахуал қауіпті, әсіресе Федералды резервтік жүйенің саясаты аясында сапалы активтерге инвестиция салу үшін қолайсыз қала береді.



















