Пәкістан Ішкі істер министрі Мохсин Нақви Тегеранға сапарын үшінші күнге дейін ұзартты.
Бұл Иран мен АҚШ арасында қандай да бір келісім жасалып жатқандығына байланысты болуы мүмкін.
Айта кетейік, Пәкістан Ішкі істер министрі Мохсин Нақви Иран мен АҚШ арасындағы уақытша бітімге қарамастан тығырыққа тірелген бейбіт келіссөздерге ықпал ету және аймақта бейбітшілікті нығайту бағытындағы күш-жігері аясында Иранға мамырдың 16 күні екі күндік ресми сапармен келді.
Нақви Иранның бірқатар ресми тұлғасымен, соның ішінде Иран Президенті Масуд Пезешкианмен кездесті.
Тегерандағы Пәкістан елшілігінің мәлімдемесінде: «Тегеранға келген Пәкістанның ішкі істер министрі Мохсин Нақви Иран президентінің сарайында үш сағатқа жуық уақыт өткізді. Кездесуге Иранның ішкі істер министрі Ескандар Момени мен сыртқы істер министрі Сейіт Аббас Арақчи да қатысты», — деп жазылған.
Пәкістанның Ішкі істер министрі сонымен қатар Иран Парламентінің төрағасы Қалибафпен де кездесті.
Нақвидің Тегеранға сапары Пәкістан армиясының ықпалды қолбасшысы, генерал Асим Мунирдің сапарынан кейін бірнеше күннен соң іске асып отыр.

















