Палестинаның жаңа премьер-министрі Мұхаммед Мұстафа тағайындалған күннен бастап үш апта ішінде үкімет құруы керек.
WAFA агенттігінің хабарлауы бойынша Палестина ұлттық әкімшілігінің басшысы Махмуд Аббас жаңа премьер-министр Мұхаммед Мұстафаға 19-шы Палестина үкіметін құруды тапсырды. Бұл туралы Махмуд Аббастың жарлығында айтылған.
Жарлыққа сәйкес, Аббас жаңа үкіметтің «Палестина халқының мүдделерін қорғау, оның жетістіктерін сақтау және арттыру» қажеттігін қуаттады.
Айта кетейік, Мұхаммед Мұстафа 14 наурызда Палестина ұлттық әкімшілігінің премьер-министрі болып тағайындалды.
Бұған дейін ол Дүниежүзілік банкте және Палестина билігінің мекемелерінде түрлі жауапты қызмет атқарды.
Бұрынғы премьер-министр Мұхаммед Штайе 26 ақпанда отставкаға кету туралы өтініш берді.



















