Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі Дохада өткізген отырысының нәтижесінде аймақтық әртүрлі мәселелер бойынша қорытынды мәлімдемесін жариялады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің Сыртқы істер министрлері жексенбі күні Дохадағы кездесуінің соңында Израильдің Газа секторына қарсы агрессиясын айыптап, аймақтағы атысты толығымен тоқтатуға шақырған мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеде АҚШ Президенті Джо Байденнің Газа секторында атысты тоқтату жөніндегі ұсынысына тоқталып: «Біз Қауіпсіздік Кеңесін міндетті қарар шығаруға және Израильдің атысты дереу тоқтату міндеттемесін қамтамасыз етуге шақырамыз», — деп жазылған.
Бұған дейін АҚШ Президенті Джо Байден Газа секторына қатысты сөйлеген сөзінде Израиль Қатар арқылы Хамасқа атысты тоқтату туралы жаңа ұсыныс жібергенін айтты. Джо Байденнің айтуы бойынша, Израильдің жаңа ұсынысы — ұзақ мерзімді атысты тоқтату және кепілге алынған барлық адамдарды босату жөніндегі жол картасын қамтитын үш кезеңді жаңа жоспар.
Бірінші кезеңге жалпы атысты тоқтату, оккупациялық режимді барлық тұрғын аудандардан шығару және Хамастағы кейбір тұтқындарды, соның ішінде қарттарды, жаралыларды және әйелдерді босату, палестиналық тұтқындарды босату кіреді.
Екінші кезең тұтқындардың қалған бөлігін босату үшін қақтығыстарды мерзімсіз тоқтатуды көздейді. Үшінші кезеңге Газа секторын қалпына келтіруді бастау жоспарлары кіреді.
Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі мәлімдемесінде Араш газ кен орнын игеру құқығы толығымен тек Сауд Арабиясы мен Кувейтке тиесілі екенін қайта атады.
Бұған дейін Иран Ислам Республикасының заң мәселелері жөніндегі вице-президенті Мохаммад Дехқан Иран ешбір жағдайда Араш газ кенішіне құқығын жоққа шығармайтынын жазған болатын.
Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің жексенбі күнгі мәлімдемеcінде Ливиядағы барлық партиялар келіспеушіліктерін шешу және елдің бірлігін сақтау үшін саяси диалогты қолдануға бағытталған шақыру да бар.
Мәлімдеменің тағы бір бөлігінде Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі Судандағы қақтығыс тараптарын бітімгершілікке шақырды.




















