Иранға баратын теміржол Армения, Иран және Әзербайжанның көлік мүмкіндіктерін айтарлықтай арттырады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян кеше, бейсенбі күні өткен брифингте мәлімдеді.
Пашинян: “Бізде Иранмен әріптестікті тереңдетуге бағытталған келісімдер мен жобалар бар. Сонымен қатар, өңірлік коммуникациялардың ашылуы нәтижесінде Иран теміржолын Армениямен жалғауға бағытталған жоба жүзеге асады. Бұл өте маңызды логистикалық бағытқа айналып, Армения, Иран және Әзербайжанның көлік мүмкіндіктерін айтарлықтай арттырады. Өйткені бұл теміржол аталған барлық елдердің аумағы арқылы өтетін болады”, — деді.
Айта кетейік, Армения Үкіметі Иранмен шекарадағы Мегри өткізу бекетінің жаңғырту жұмыстарын бастады.


















