Иран Президенті Масуд Пезешкиан елінің озық технологиялар саласындағы жетістіктерін жоғары бағалады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Президент Пезешкиан білімге негізделген компанияларды инновациялық өнімдердің сапасын арттырып, экспорт көлемін ұлғайтуға шақырды.
Масуд Пезешкиан бұл туралы сейсенбі күні Тегеран халықаралық көрме орталығында өткен 16-шы халықаралық нанотехнология көрмесі мен Бірінші заманауи технологиялар көрмесі барысында мәлімдеді.
Президент инновациялық өнімдердің табыстылығы мен олардың экспортын арттырудың маңыздылығын, мұндай технологиялар Иранның әлеуметтік жағдайы төмен аймақтардағы азаматтарға қызмет көрсетуге бағытталуы тиіс екенін айтты.
Пезешкиан: “Біз осы жоғары технологиялық өнімдердің сапасын арттырып, экспорт аясын кеңейту үшін шара қабылдауымыз қажет”, -деді.



















