Ресей және Беларусь Президенттері Владимир Путин мен Александр Лукашенко Карелияның Ладога көліндегі Валаам аралында кездесті.
Еуразия Тудейдің РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл олардың Валаам аралында алғашқы кездесуі емес.
Владимир Путин мен Александр Лукашенко жеке форматта келіссөз жүргізеді. Олар екіжақты қарым-қатынасты, одақ аясында қабылданған жобалар мен экономиканы талқылайды.
Сондай-ақ, кездесу барысында халықаралық күн тәртібі мен аймақтық қауіпсіздікке баса назар аударылады.
Айта кетейік, Беларусь Президенті Александр Лукашенко Ресейге жұмыс сапарымен келді. Ол алдымен Санкт-Петербургке ұшып келіп, тікұшақпен Владимир Путинмен келіссөз жүргізетін Валаам аралына келді.



















