Иран Ислам кеңесінің төрағасы Мохаммад Бақер Қалибаф елінің Қарулы Күштері кез келген басқыншылыққа жауап беруге дайын екенін ескертті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Ислам кеңесінің төрағасы Мохаммад Бақер Қалибаф Тегеранның қарсыластарына бағытталған қатаң мәлімдеме жасады.
Мохаммад Бақер Қалибаф кеше, дүйсенбі күні кешке X әлеуметтік желісінде жарияланған ресми үндеуінде Иранның кез келген сценарийге толық дайын екенін айтып, Иран Қарулы Күштерінің жоғары жауынгерлік әзірлікте екенін мәлімдеді.
Қалибафтың айтуы бойынша, Иран басқыншылықтың кез келген әрекетіне лайық жауап береді. Иран Ислам кеңесінің төрағасы бұл қадам бастамашыл тарапты өз іс-әрекеттерінің салдарына өкіндіретінін баса айтты.
Қалибаф қате стратегиялар мен жаңсақ шешімдердің соңы міндетті түрде апатты зардаптарға әкеп соқтыратынын атап айтып: «Бүкіл әлем бұл шындыққа бұған дейін көз жеткізген болатын.
Біз барлық нұсқаға дайынбыз. Біздің күштеріміз кез келген агрессияға барлығы үшін сабақ болатындай жауап беруге дайын»,-деді.


















