Қазақстан 2050 жылға қарай атом энергетикасын үш есе ұлғайту туралы декларацияға қосылды.
Еуразия Тудейдің Энергетика министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика Вице-министрі Сұңғат Есімханов Бакуде өткен БҰҰ-ның COP29 климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы аясында атом энергиясын пайдалануды үш есе арттыру бойынша күш-жігерді ілгерілету жөніндегі халықаралық іс-шараға қатысты.
Вице-министр өз сөзінде Париж келісімінің мақсаттарын орындау үшін әлемдік экономиканы декарбонизациялауды жеделдетуге және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған 2050 жылға қарай атом энергетикасын үш есе ұлғайту жөніндегі декларацияға Қазақстанның қосылатынын жариялады.
Энергетика вице-министрі: «Қазақстанның 2050 жылға қарай атом энергиясын үш есе ұлғайту туралы Декларацияға қосылуы – тұрақты және экологиялық таза болашаққа жасалған маңызды қадамымыз. Біз энергетикалық қауіпсіздікті нығайтып қана қоймай, ортақ мақсатқа жету үшін әлемдік қоғамдастықпен ынтымақтаса отырып, көміртегі шығарындыларының жаһандық төмендеуіне елеулі үлес қосуға тырысамыз», — деді.
Қазіргі уақытта декларацияға 26 мемлекет — Армения, Болгария, Канада, Хорватия, Чехия, Финляндия, Франция, Гана, Мажарстан, Ямайка, Оңтүстік Корея, Молдова, Моңғолия, Марокко, Нидерланды, Польша, Румыния, Словакия, Словения, Швеция, Украина, БАӘ, Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары және Қазақстан қосылды.

















