ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков пен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Юрий Борисов «Бәйтерек» бірлескен жобасының орындалу барысын талқылады.
Еуразия Тудейдің ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков жұмыс сапарымен Роскосмос мемлекеттік корпорациясының құрамына кіретін «Прогресс» Зымыран-ғарыш орталығына барды.
Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков пен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Юрий Борисов бірлескен «Бәйтерек» жобасы аясында «Союз-5» зымыран тасығыштары шығарылатын өндірістік алаңдарды аралады.
«Прогресс» ЗҒО бас директоры Дмитрий Баранов болашағы зор зымыран-ғарыш техникасын өндіру бойынша ағымдағы жұмыстар жайлы баяндап берді.
Айта кетейік, «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешені – 2004 жылы басталған Қазақстан мен Ресейдің әуе ғарыш саласындағы бірлескен жобасы.

















