Қазақстан мен Ресей сыртқы саяси ведомстволарының басшылары ҚР Сыртқы істер министрлігі мен РФ Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2025-2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бойынша іс-шаралар жоспарына қол қойды.
Еуразия Тудейдің ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша жоспарға Қазақстан мен Ресей сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Астанада өткізген кездесудің қорытындысы бойынша қол қойылды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздер өткізді.
Келіссөздер барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестіктің жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ алдағы аса жоғары және жоғары деңгейдегі сапарлардың кестесі талқыланды.
Кездесуде РФ Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимыл бойынша пікір алмасу өтті.

















