Қазақстандық альпинист Ғалымжан Құспанов Иранның ең биік шыңы және Азиядағы ең үлкен жанартау Дамавандты бағындырып, Қазақстан туын тікті.
Еуразия Тудейдің “Аманат” партиясының ресми сайтындағы мәліметке сілтеме жасап хабарлауы бойынша, қазақстандық альпинист Ғалымжан Құспанов Азияның ең биік жанартауы Дамаванд шыңына шығып, Қазақстан және “Аманат” партиясының туын желбіретті.
Ғалымжан Құспанов осылайша әлемдегі ең биік жеті шыңның алтауын, атап айтқанда Эверест, Эльбрус, Аконкагуа, Винсон, Карстенз, Килиманджаро және ең биік жеті жанартаудың алтауын, яғни Сидлей, Охос-дель-Саладо, Гелуве, Килиманджаро, Эльбрус, Дамавандты бағындырды.
Альпинист: “Қолыңдағы көк ту Азияның ең биік шыңында желбіреген сәтте керемет бір күш пен жауапкершілікті сезінесің. Бұл менің жеке жеңісім емес, бұл Қазақстанды әлемге танытудың тағы бір мүмкіндігі”, — деді.
Айта кетейік, “Аманат” партиясы Қазақстанның спорт және туризм саласын дамыту жолында жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.



















