Қырғызстан Республикасының Ұлттық банкі 10 мамырдан бастап 200, 500 және 1000 сомдық банкноттарды айналымға енгізді.
Ұлттық банктің хабарлауынша, банкноттардың жаңа топтамасы Қырғызстанның ұлттық валютасының енгізілгеніне 30 жыл толуына арналған.
Банкноттардың жаңа сериясында Қырғызстанның тарихи-мәдени мұрасының көрінісі өзгеріссіз қалған. Алдыңғы жағында өнер мен мәдениет өкілдерінің суреттері, ал артқы жағында республиканың көрікті жерлері сақталған.
Банкноттардың негізгі түсі мен өлшемі де өзгеріссіз қалдырылған.
Қырғызстанның жаңа банкноттарында жалған ақша жасаушылардан сенімді қорғауды қамтамасыз ететін заманауи қорғаныс элементтері орналастырылған.
Ұлттық валютаның барлық банкноттары Қырғызстан аумағында ресми төлем құралы мәртебесіне ие және шығарылған жылына қарамастан міндетті түрде қабылданады.
Анықтама: Ұлттық валюта — елдің заңды түрде бекітілген ақша бірлігі. Оның енді тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болған елдер үшін қаншалықты маңызды екені белгілі. 1991 жылы бірінен соң бірі егемендік алып, тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан Тәжікстан және Түркіменстан секілді елдердің алдында өз ұлттық валютасын айналымға енгізу мақсаты тұрды. Бүгінде олардың ұлттық валютасы қаржылық тәуелсіздігінің ажырамас символына айналды. Қазігі кезде әр елдің өзінің Ұлттық валюта күні бар.
Қырғыз мемлекеті ұлттық валютасы сомның күнін 10 мамырда атап өтеді. Олар осыдан 30 жыл бұрын, яғни 1993 жылдың 10 мамырында айналымға енгізген болатын.



















