Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры Рафаэль Мариано Гросси Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы лауазымына үміткер болу ниетін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің Buenos Aires Times басылымына сілтеме жасап хабарлауынша, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры Рафаэль Мариано Гросси БҰҰ-ның бас хатшысы лауазымына үміткер болу ниетін ресми түрде мәлімдеді.
64 жастағы Гросси Вашингтонда өткен баспасөз мәслихатында осы жаңалықты растап: «Мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы лауазымына үміткер боламын», — деді.
Гросси әлемдегі ең жоғары дипломатиялық қызмет саналатын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы лауазымын иеленуге ұзақ уақыттан бері талпынуда.
Егер оның үміткерлігі қабылданса, ол Латын Америкасы континентінен Хавьер Перес де Куэльярдан кейінгі Біріккен Ұлттар Ұйымының екінші Бас хатшысы болады.
Гросси бұл лауазымға кандидатурасының үдерісі алдағы апталарда аяқталатынын хабарлады.
БҰҰ Бас хатшысының қызметі 2027 жылдың қаңтар айыында португалиялық Антониу Гутерриштің өкілеттігі аяқталған кезде босайды. Сайлаудың жеңімпазы қайта сайлану мүмкіндігімен бес жылдық мерзімдегі қызметке кіріседі.


















