«Роскосмос» Қазақстанның елордасы Астана қаласының түнгі көрінісінің ғарыштан түсірілген таңғажайып суретін жариялады.
Ресейдің «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы Телеграмдағы арнасында: «Біз орбитадан әдемі көріністермен бөлісуді жалғастырамыз» деген жазба жариялады: «Түннің басталуымен әр қала өзгереді: кейбіреулер жамылғысының астында ұйқыға кетеді, басқалары жанданып, жұлдыздардан да жарқырай түседі.
Қазақстанның елордасы Астана соның бір мысалы ғана. Мұқият қарасаңыз, қаланың түнгі сызығы сақинаға жабылған жүрекке ұқсайды».
Айта кетейік, суретті ғарыштан түсірген – Олег Кононенко.
Олег Кононенко – Ресей Федерациясының Батыры, Ресейдің 102-ші, әлемнің 473-ші ғарышкері.
«Роскосмос» ғарыш қызметі мемлекеттік корпорациясында нұсқаушы-ғарышкер-сынақшы болып жұмыс істейді,



















