Бүгін, 2 шілдеде Шолпан-Атадағы мемлекеттік резиденцияда Қырғызстанға сапармен келген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесуі өтіп жатыр.
Еуразия Тудейдің Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, «Ыстықкөл» халықаралық әуежайында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришті Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары Эдиль Байсалов қарсы алды.
Садыр Жапаров пен Антониу Гутерриш БҰҰ шеңберіндегі ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады.
Антониу Гутерриштің Қырғызстанға сапары 3 шілдеде аяқталады. Әрі қарай БҰҰ Бас хатшысы Астанаға бет алады. Астанада Антониу Гутерриш 4 шілде күнгі ШЫҰ саммитіне қатысады.
Антониу Гутерриш Орталық Азия елдері бойынша турын Өзбекстаннан бастады.
БҰҰ Бас хатшысы Тәжікстан мен Түркіменстанға да барады. Антониу Гутерриш әр мемлекетте ел президенті және Үкіметтің басқа да жоғары лауазымды өкілдерімен кездеседі.



















