Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Бейжіңде кездесу өткізді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша тараптар жоғары деңгейдегі бұрынғы байланыс барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыру тұрғысында Өзбекстан-Ресей жан-жақты стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынасын одан әрі кеңейту және нығайту мәселелерін талқылады.
Кездесуде сонымен қатар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың серпінін сақтауға бағытталған келісілген шараларды қабылдаудың маңыздылығы аталды.
Экономиканың басым секторларында жобаларды дайындау мен іске асыруды жеделдету, өңірлер арасындағы, соның ішінде бірлескен индустриялық парктер аясындағы ынтымақтастық байланысты ынталандыруға ерекше назар аударылды.
Ең алдымен мәдениет, өнер, ғылым және білім саласындағы жемісті гуманитарлық өзара іс-қимыл терең қанағаттанушылықпен атап өтілді.
Өзбекстан мен Ресей басшылары халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша да пікір алмасты.

















