Сионистік режимнің әскері Ливандағы атысты тоқтату бітімін әртүрлі сылтаумен сан рет бұзды.
Еуразия Тудейдің Меһр ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша сионистік режим мен ливандық ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтерге сәйкес, Тель-Авив атысты тоқтату келісімін 18 рет бұзды. Тек кеше, бейсенбі күннің өзінде сионистік режимнің әскерилері аталған келісімді 13 рет бұзды.
Израиль режимі мен Ливан Хезболласы арасында атысты тоқтату бітімі кеше бейсенбі, қарашаның 28 күні күшіне енген болатын. Соның нәтижесінде тараптар 2023 жылдың қазан айының 8-нен басталып, өткен екі айда шегіне жеткен қақтығыстарды аяқтағанымен, сионистер келісімге табандылық танытпай отыр.
Израильдің 12-ші арнасы мен Yedioth ahronoth газетіндегі мәліметтер бойынша былтырғы қыркүйек айынан осы уақытқа дейін Ливан Хезболласымен қақтығыста сионистердің 124 адамы, соның ішінде 79 әскериі қаза тапқан.
Палестинаның басып алынған жерлерінің солтүстігінде 9 000-нан астам ғимарат, 7000 автокөлік толық қираған.













