Сионистік режимнің Сыртқы істер министрі Гидеон Саар осы режимнің БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінен шығатынын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша сионистік режимнің СІМ Гидеон Саар Х платформасындағы твитінде осы хабарды жариялауымен қатар, “БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесі адам құқығын бұзушылардыы қолдайды” деп мәлімдеді.
Ол Тель-Авив Үкіметін Таяу Шығыстағы демократиялық жалғыз Үкімет деп атап, сионистік режимнің Газа секторындағы қылмыстарына көзжұмбайлық танытып: “БҰҰ Адам құқығы кеңесі Израильге шабуыл жасау және антисемитизмді арттыруға шоғырланған”, — деген уәж айтты.
Ол сонымен қатар Тель Авивтің “дискриминация” деп аталатынды қабылдамайтынын қуаттады.
Сионистік режим осы шешімімен бірнеше күн бұрын БҰҰ Адам құқығы кеңесінен шыққан Америкаға қосылды.
Айта кетейік, Америка Президенті Дональд Трамп 2025 жылғы ақпанның 4 күні АҚШ-н БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінен шығару және БҰҰ-ның палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыспен қамту агенттігін (UNRWA) қаржылай қамтамасыз етуге тыйым салатын Жарлыққа қол қойды.

















