Иранның Систан және Белучистан провинциясында қарақшылар мен лаңкестерге қарсы операциялары барысында 150 лаңкестің ұсталып, олардың 100-нің көзі жойылған.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құрлық күштерінің қолбасшысы генерал Мохаммад Пакпур өткен жылдың қараша айынан бері қауіпсіздік күштерінің қарақшылар мен лаңкестерге қарсы операциялары барысында 150 лаңкестің ұсталып, олардың 100-нің көзі жойылғанын айтты.
Ол өткен жылы Раск және Чабахар қалаларындағы лаңкестік әрекеттерге тоқталып, осы операцияларда жойылған 18 лаңкестің барлығы жергілікті тұрғындардың атын жамылған, аймаққа «жанармай саудагерлері» деген атаумен енген шетелдік агенттер болғанын мәлімдеді.
Олар қару-жарақ пен оқ-дәрілерді жанармай құтыларына жасырып әкелген. Бұл фактілер олардың сыбайластарының мойындауларында расталды. Бұл аймақ азаматтарының атын жамылған шетелдік агенттердің енуіне жол бермеу үшін жергілікті тұрғындардан сақтық шараларын күшейтуді талап етеді, өйткені негізгі қауіп пен зардапты жергілікті тұрғындар шегеді.
Генерал Гоһар Куһ аймағындағы соңғы лаңкестік әрекеттерге де тоқталып, осы оқиғалардан кейін арнайы операция нәтижесінде 150-ден астам адамның ұсталғанын, оның 100-інің өлтірілгенін айтты.
Оның айтуынша, ұсталғандар елден қашып, Иранның жауларымен байланысқа түскен Раск тұрғындарының бірінің қол астында болғанын мойындады.














