Иранның Солтүстік Хорасан таулары барыстардың мекені болып табылады.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Солтүстік Хорасанның табиғи аймақтары мен тауларында қабыландардың көбеюі осы мысық тұқымдас әдемі аңды қорғау үшін соңғы жылдары қабылданған шаралардың тиімділігін көрсетеді.
Барыстар Солтүстік Хорасан тауларының әртүрлі аймағында мекендейді. Зерттеулер көрсеткендей, Иранның Саригел ұлттық саябағы мен ерекше қорғалатын аймағы және Эсферайен қаласындағы Салук ұлттық паркі мен ерекше қорғалатын аймағы осы жануарлар мекендейтін ең жақсы жерлер болып табылады.
Иран барысының тіршілік ету ортасының экологиялық саулығын сақтауда ерекше маңызы бар.
Солтүстік Хорасан — ирандық барыстар саны жағынан көп кездесетін Иран провинцияларының бірі.
Иранның қабылан популяциясының үштен екісі осы жерде мекендейді. Солтүстік Хорасан, әсіресе Эсферайен ауданындағы Саригел және Салук аймақтары барыстар үшін қауіпсіз аймақ саналады. Сонымен қатар, зерттеулер бұл жерлерде тіршілік ету жағдайының қолайлы екенін көрсетеді.
Биылғы жылы барыс Эсферайенның әртүрлі аймағында 20 рет байқалған. Яғни, бұл жер мысық тұқымдас осы аңдар үшін қолайлы тіршілік ету ортасы екенін көрсетеді.


















