Иран ғалымдарының күш-жігерінің арқасында әзірленген суық плазма технологиясы созылмалы жараларды емдеуде тиімді әдіс болып табылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иранның Атом энергиясы ұйымының басшысы Мохаммад Ислами Исфаһандағы Фараби медициналық орталығына суық плазмалық аппараттарды тапсыру кезінде айтты.
Мохаммад Ислами: «Бұл технология елдегі тоғыз ауруханада бар. Бүгінде төрт ауруханада ресми түрде қолданылады. Осы технологиямен жабдықталған қалған бес аурухана жақын арада ресми түрде аппараттарды қолдана бастайды»,-деді.
Ислами суық плазма технологиясы созылмалы жаралары бар науқастардың ауруларының асқынуын айтарлықтай төмендететінін айтты.
Иранның Атом энергиясы ұйымының басшысы шектеулі елдерде ғана қолжетімді бұл технологияның ирандық ғалымдардың ауқымды зерттеулері мен қажырлы еңбектері арқылы локализациялағанын атап айтты.
Сонымен қатар, Мохаммад Ислами Иранның Атом энергиясы ұйымының көмегімен Исфаһанда алдағы екі айда жараларды емдейтін елдегі ең ірі клиника ашылатынын, оның қызметтері пациенттерге қолжетімді болатынын айтты.


















