Түркия билігі жекеменшік мектептерде ұлттық және моральдық құндылықтарға қайшы келетін мерекелерді атап өтуге тыйым салды.
Sabah газетінің мәліметінше, Түркия үкіметі жекеменшік мектептерде Хэллоуин мен Рождествоны атап өтуге тыйым салды. Тиісті қаулыны Түркияның Білім министрлігі қабылдады.
Жаңа құжатқа сәйкес, жекеменшік мектептерде түрік ұлтының ұлттық, гуманитарлық, рухани және мәдени құндылықтарына қайшы келетін және оқушылардың психоәлеуметтік дамуына әсер етпейтін іс-шаралар мен мерекелер өткізуге тыйым салынады.
Сондай-ақ, қаулыда жекеменшік мектептерге арналған оқулықтар Білім министрлігінің тексеруінен өтуі керек деп жазылған.
Башқұртстанның Білім және ғылым министрлігі де Хэллоуин мерекесін мектептерде өткізуді бұрыс санайды.
Сондай-ақ, Хэллоуинді ел аумағында тойлауға ресми түрде тыйым салған елдер тізімінде Иордания бар. Қытайдың Ланфан қаласында Рождествоны тойлатуға тыйым салынған.



















