Дубайға тиесілі Dragon Oil мұнай компаниясының жаңа кеңсесі Түркіменстан астанасы Ашхабадта ашылды.
БАӘ-нің WAM ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл Dragon Oil мұнай компаниясының ең ірі шетелдік аймақтық кеңсесі.
Кеңсенің ресми ашылу салтанатына «Түркіменнефт» мемлекеттік концернінің төрағасы Гуванч Агаджанов, Dragon Oil бас директоры Рашид әл Джарван, Napeco бас директоры Максат Пирлиев, Түркіменстандағы БАӘ елшісінің орынбасары Сүлейман әл Захми және Petronas Turkmenistan, Mitro International және т. б. ірі компаниялардың жоғары лауазымды өкілдері қатысты.
Ашхабадта ашылған жаңа кеңсе компания үшін Түркіменстан нарығында мұнай өндірісі қуатын кеңейту арқылы инвестицияларды ұлғайту және жаңартылатын энергия көздеріне қатысты жобаларды жүзеге асырудағы маңызды қадам болып табылады. Dragon Oil бас директоры салтанатты рәсім барысында кеңсенің ашылуы Түркіменстанда компанияның 20 жылдан астам уақыт болуының нәтижесі екендігін атап өтті. Dragon Oil бас директоры Түркіменстанды ең көне мұнайлы-газды аймақтардың бірі деп атады.

















