Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей Президенті Владимир Путин 4 қыркүйекте Сочиде келіссөздер жүргізеді.
ТАСС мәліметінше, Владимир Путин Режеп Тайып Ердоғанмен кездесу үшін Түркияға бара алмағандықтан Ердоғанның өзі Ресейге баруға ниетті.
Бұған дейін Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков кездесу жақын арада болатынын айтқан болатын.
Сонымен қатар, Түркия билеуші Әділет және даму партиясының ресми өкілі Омер Челик Режеп Тайып Ердоғанның 4 қыркүйекте Сочиге баратынын растады.
Ресей Президенті Владимир Путин мен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесіп, Ресей көшбасшысының Түркия еліне сапары жайлы сөз қозғаған болатын. Алайда сол кезде кездесу күні мен орны белгіленбеген еді.
![]()



















