Түркия мен Украинаның жауапты басшылары кездесіп, астық келісімін ұзарту бойынша келіссөз өткізді.
Бұл туралы Түркия қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Түркия Қорғаныс министрі Хулуси Акар мен Украинаның инфрақұрылым министрі Александр Кубраков Түркияның шығысындағы Кайсери провинциясында кездесті.
Тараптар астық келісімін үздіксіз ұзарту үшін жасалатын қадамдарды талқылады.
Келіссөздер барысында біраз уақыт тоқтап қалған кемелерді тексеруді қайта бастау туралы шешім қабылданды.



















