Тәжікстан ұлттық құрамасы Азия кубогының 1/8 финалында БАӘ-н жеңіп, жарыстың ширек финалына шығып, сенсация жасады.
12 қаңтар күні басталған футболдан Азия кубогы осы күндері Қатарда өтіп жатыр.
Тәжікстан футбол федерациясының хабарлауынша, 28 қаңтарда өткен матчта Тәжікстан мен БАӘ құрамалары 1:1 есебімен тең түсті.
Дода жеңімпазы пенальти тебу арқылы анықталды. Тәжікстан құрамасы қарсыласын пенальтиден 5:3 есебімен жеңді.
Келесі кезекте Тәжікстан құрамасы ширек финалда Ирак-Иордания матчының жеңімпазымен кездеседі. Бұл ойын 2 ақпанда өтеді.
Тәжік футболшылары Азия кубогының финалдық кезеңіне алғаш рет қатысып отыр. Тәжікстан футболшыларының ширек финалға жолдама алуы бұл ел үшін сенсация.
Олар Қатар құрамасынан кейін екінші орынға шығып отыр.
Еске сала кетсек, футболдан Азия кубогы 12 қаңтарда басталды. Финал 10 ақпан күні болады.
Биылғы турнирге 24 елдің ұлттық құрамалары қатысуда.


















