Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Иран Ислам Республикасының Қорғаныс және Қарулы Күштерін қолдау министрі Мұхаммад Риза Аштионимен кездесті.
Тәжікстан Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша 18 қазанда Ұлт сарайында Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Иран Ислам Республикасының Қорғаныс және Қарулы Күштерін қолдау министрі Мұхаммед Риза Аштиониді қабылдады.
Кездесу барысында тәжік-иран қарым-қатынасының мәселелері, соның ішінде екі елдің қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылы талқыланды.
Тараптар заманауи сын-қатерлердің күшеюіне сілтеме жасай отырып, терроризм, экстремизм, есірткі бизнесі және трансұлттық ұйымдасқан қылмыс сияқты құбылыстарға қарсы тұрудағы ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті.
Екі тарап өзара әрекеттестіктің қолданыстағы тетіктерінің қызметін жандандыруды, сондай-ақ осы салада қол қойылған екіжақты құжаттар мен келісімдерді кешенді түрде жүзеге асыруды жақтады.



















