Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ирандық әріптесі Ибраһим Раисиді Халық сарайында қарсы алды.
Тәжікстан Президентінің ресми шақыруымен Душанбеге барған Ибраһим Раиси кеше, сәрсенбі күні түстен кейін Душанбе халықаралық әуежайына келді.
Ибраһим Раисиді Тәжікстан өкілдер палатасының спикері Мохаммад Тахир Закирзаде мен елдің Энергетика және су ресурстары министрі Делир Джума қарсы алды.
Қарсы алу рәсімінен кейін Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ирандық әріптесі Ибраһим Раисиді Халық сарайында қарсы алды.
Ресми қарсы алу рәсімінде Иран мен Тәжікстан президенттері естелік суретке түскеннен кейін екі елдің жоғары мәртебелі делегация мүшелері бір-біріне таныстырылды.
Тәжікстан президентімен кездесу және екі елдің ресми тұлғаларының екіжақты ынтымақтастықтың маңызды құжаттарына қол қою және Тәжікстан мен Иранның экономикалық белсенділері мен кәсіпкерлерінің бірлескен отырысына қатысу Иран Президентінің осы бір күндік
ының жоспарларының бірі.
Сондай-ақ екі елдің жоғары деңгейдегі делегацияларының екіжақты келіссөздері өтеді.


















