Тәжікстан СІМ Иранның Шираз қаласындағы Шаһ Черақта болған лаңкестік әрекетті айыптады.
Тәжікстан Сыртқы Істер Министрі Сирожиддин Мухриддин кеше, тамыздың 15 күнгі баспасөз маслихатында Иранның Шираз қаласында орналасқан Шаһ Черақ кесенесінде тамыздың 13 күні болған лаңкестік әрекетті айыптап: «Ресми сұраныс түскен жағдайда, тиісті органдар бұл бағытта ынтымақтасады», — деді.
Тәжікстан СІМ оқиғаға байланысты зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтып, «террорист қайда болса да, қылмыскер» деп мәлімдеп: ««Біздің елдеріміз арасындағы тарихи және мәдени ынтымақтастыққа ешқандай лаңкестік әрекет әсер ете алмайды», — деді.
13 тамыз, жексенбі күні кешке Шираздағы Шаһ Черақ кесенесіне лаңкес шабуыл жасап, салдарынан екі адам қаза болып, жеті адам жараланды. Оқиға орнына полиция мен қауіпсіздік күштері жедел жетіп, осыған байланысты барлығы 10 адам қамауға алынды.
Ирандық БАҚ-та Иранның Шираз қаласындағы Шаһ Черақ кесенесіне жасалған терактке Тәжікстан азаматының қатысы бар деген ақпарат тарады.
Көптеген ел, соның ішінде Парсы шығанағындағы араб елдері, Ирак, Сирия, Ливан және Мысыр, Біріккен Ұлттар Ұйымы және Еуропалық Одақ Шаһ Черақтағы лаңкестік әрекетті айыптап, Иран халқы мен құрбандардың отбасыларына көңіл білдірді.


















