Тәжікстан Оңтүстік Азия елдерінің нарықтарына шығу үшін Ауғанстанға дейінгі теміржол жобасын бастады.
Еуразия Тудейдің Тәжікстанның Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Тәжікстанның Көлік министрлігі мен Кореяның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігі Джалолиддини Балхи-Нижний Пяндж теміржол жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу туралы келіссөздер хаттамасына қол қойды.
Тәжікстан Республикасының Көлік министрі Азим Иброхимнің айтуынша, бұл жобаның негізгі мақсаты Оңтүстік Азия елдерінің нарығына шығу болып табылады.
Азим Иброхим: «Жобаны сәтті іске асырған жағдайда Тәжікстанның транзиттік әлеуеті артып, көрші елдермен тауарлар мен өнімдерді тасымалдау ұлғаяды. Бұл Тәжікстан үшін де, өңірдің басқа елдері үшін де өте пайдалы болады»,-деді.
Теміржол жұмыстары үш жыл ішінде толық аяқталады деп жоспарлануда. Теміржолдың Ауғанстан шекарасына дейінгі ұзындығы шамамен 51 км құрайды.



















