Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон кеше, 2 қазан күні жұмыс сапарымен Доха қаласына келді.
Еуразия Тудейдің Тәжікстан Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонды Доха халықаралық әуежайында Қатар Сыртқы істер министрі Сұлтан әл-Мурайхи және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар құрметпен қарсы алды.
Тәжікстан делегациясының құрамында Премьер-министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі, Президенттің Сыртқы істер жөніндегі көмекшісі және Қаржы министрі бар.
Тәжікстан Президенті осы сапардың алғашқы күні Дохада Қатардың жоғары лауазымды тұлғаларымен бірқатар кездесу өткізіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Эмомали Рахмон сонымен қатар Азиядағы ынтымақтастық диалогы форумының он тоғызыншы сессиясына қатысады.
Азиядағы ынтымақтастық диалогы — экономикалық және мәдени салаларда әртүрлі жобалар мен ынтымақтастық бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында 2002 жылы 19 маусымда құрылған ұйым. Қазіргі уақытта Азия мен Батыс Азияның 35 мемлекеті АЫД мүшелері болып табылады.



















