2023 жылдың сәуір айының 24-26 күндері Ташкентте ТМД-дағы ең ірі халықаралық өнеркәсіптік көрмелердің бірі – «Иннопром. Орталық Азия 2023» өтеді.
«Иннопром. Орталық Азия 2023» халықаралық өнеркәсіп көрмесі – жыл сайын өткізілетін іс-шара. Оның негізгі мақсаттары халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, бұрыннан бар іскерлік байланыстарды нығайту және жаңа байланыс орнату, мемлекеттер мен компаниялар арасында индустриялық дамудың өзекті бағыттарын ашу болып табылады.
«Иннопром. Орталық Азия 2023» көрмесіне Орталық Азияның барлық елдерінен билік органдарының, кәсіпорындар мен бірлестіктердің басшылары қатысып, жалпы саны 10 мыңға жуық адам келеді.
Шара аясында 50-ден астам ынтымақтастық келісіміне, сондай-ақ іскерлік бағдарламаның 14 іс-шарасына қол қою жоспарлануда. Сонымен қатар, көрмеге өңірлердің 25 ұжымдық стендінде орналасқан бизнес-делегациялары бар 24 мемлекет қойылады.



















