Иран астанасы Тегеранда Ислам революциясы Сақшылар корпусының қорғаныс жетістіктеріне арналған көрме аяқталды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, көрмеге келушілерге ирандық өндірістен шыққан ондаған зымыран мен ұшқышсыз ұшақ аппараттары көрсетіліп, таныстырылды.
Олардың ішінде ерекше жылдамдығымен ерекшеленетін Фаттах сериясының гиперсоникалық зымырандары, сондай-ақ Седжил сериясының баллистикалық зымырандары бар.
Олар қатты отынды қозғалтқыш жүйесімен және ұзақ ұшу қашықтығымен танымал.
Сондай-ақ, көрмеде нысананы бақылау және нысанаға дәл соққы беру үшін кең мүмкіндік ашатын көптеген барлау және жауынгерлік ұшқышсыз ұшақтар ұсынылды.
Көрмеге келгендер Иранның қорғаныс әлеуетін тұрақты түрде күшейтуін болашақта шетелдік мемлекеттердің шабуылынан қорғаудың жалғыз жолы деп санайды.


















