Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронның шақыруымен Францияға мемлекеттік сапармен барады.
Еуразия Тудейдің Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары 4-5 қараша күндері өтеді.
Мемлекет басшысы сапар барысында Эмманюэль Макронмен кездесіп, келіссөз жүргізеді. Кездесуде тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты талқылайды.
Сондай-ақ, Президент Тоқаевтың екі күндік сапары барысында Францияның бизнес топтарының бірқатар өкілімен кездесуі жоспарланған.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Францияның жаңа елшісі Сильван Гиогені қабылдап, алдағы Францияға жасайтын сапары туралы талқылады.
Президент бұл сапардың екі ел арасындағы байланыстың келешегін айқындап, стратегиялық серіктестігінің нығая түсетініне серпін беретінін айтты.
Еске сала кетейік, былтыр қараша айында Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келген болатын.



















