Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17-19 мамырда Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп жазады ақпарат тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сиань қаласында ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді.
Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады.
Сондай-ақ Президент Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі деп жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия + Қытай» саммитіне қатысады.



















