Түркіменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередов Иранның жоғары лауазымды тұлғаларымен кеңесу үшін Тегеранға келді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран СІМ ресми өкілі Исмаил Бақайи Рашид Мередовтың сапарының мақсаты екіжақты қарым-қатынас пен аймақтық оқиғаларды талқылау екенін мәлімдеді.
Бақайидың айтуынша, бұл сапар Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчидің ресми шақыруы және екі елдің сыртқы істер министрлері арасындағы саяси кеңесулер аясында жүзеге асырылуда.
Түркіменстан Сыртқы істер министрі Иранмен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияны басқарады.
Министр Иранның бірқатар жоғары лауазымды саяси және экономикалық қайраткерімен кездесуді жоспарлап отыр.
Бұл сапар екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, экономикалық және саяси ынтымақтастық мүмкіндіктерін одан әрі зерттеуге көмектеседі.
Айта кетейік, мұның алдында Түркіменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередовтың Иранға жұмыс сапары туралы түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысы, Түркіменстан Халық Мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Иран Президенті Масуд Пезешкианмен телефон арқылы сұхбатында айтқан болатын.


















