Түркістан және Қызылорда облыстарының әкімдіктері екі қаланың әуежайларын бірлесіп дамыту бойынша SOVICO Group компаниясымен меморандумдарға қол қойды.
Еуразия Тудейдің ҚР Азаматтық авиация комитетінің Телеграмда жариялаған мәліметке сілтеме жасап хабарлауы бойынша, 2024 жылғы 9 қыркүйекте Астана қаласында Түркістан және Қызылорда облыстарының әкімдіктері Түркістан және Қызылорда әуежайларын бірлесіп дамыту бойынша SOVICO Group компаниясымен меморандумдарға қол қойды.
Осы мәліметке сәйкес, SOVICO Group компаниясының иелігінде VietJet Air» вьетнамдық әуекомпаниясы бар.
Айта кетейік, құжатқа Мемлекет басшысының шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі тапсырмалары аясында қол қойылған.

















