Түркия Сыртқы істер министрлігі Израиль СІМ басшысы Исраэль Кацтың Ердоғанды «диктатор» деп атаған соңғы мәлімдемесіне жауап берді.
Еуразия Тудейдің Russia Today телеарнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Түркия Сыртқы істер министрлігі Израиль Сыртқы істер министрі Исраэль Кацтың Режеп Тайып Ердоғанға тағылған негізсіз айыптауларына жауап беріп, «бұл күн тәртібін өзгертуге және Израильдің палестиналықтарға қарсы қылмыстарының назарын басқа жаққа аударуға бағытталған бекер әрекеті», деген мәлімдеме жасады.
Түркия Сыртқы істер министрлігі Израиль қазан айынан бастап 40 мыңға жуық палестиналықты, сондай-ақ Беньямин Нетаньяхудың кабинеті жексенбі күні кешке Рафах маңындағы босқындар лагеріне жасалған шабуылда тағы ондаған жазықсыз палестиналықтарды аяусыз өлтіргенін және қылмысқа қатысы бар кез келген адам халықаралық сотта қаралатынын мәлімдеді.
Миинстрлік мәлімдемесінде Түркия палестиналықтардың құқықтарын қорғауды жалғастыратынын қуаттады.
Бұған дейін Израиль Сыртқы істер министрі Исраэль Кац өзінің әлеуметтік желідегі «Х» парақшасында «Геноцид жасады деп айыпталуы керек адам-Ердоған. Ол күрд азаматтарын өлтіріп, Солтүстік Кипрді басып алып, адамзатқа қарсы қылмыс жасаған диктатор», деп жазған болатын.
Режеп Тайып Ердоған жаңа Конституция симпозиумында сөйлеген сөзінде Түркия жабайы израильдіктердің жасаған қылмыстары үшін жауапқа тартылып, жазасын алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты.
Ердоғанның айтуынша, Нетаньяху Палестина халқын қырып-жою арқылы ғана билікті басып алуға тырысады, өйткені олар Палестинаның қарсылығын жеңе алмайды.
Израильдік ұшақтар жексенбі күні кешке Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласының маңындағы палестиналық босқындардың шатырларын бомбалады. Бұл қылмыстан 45-тен астам палестиналық қаза тауып, ондаған адам жарақат алды. Әлі де үйінділердің астынан адамдарды іздеу жалғасуда.



















