Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы ТҮРКСОЙ-ға қазақтың киіз үйін тарту етті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Қазақстан атынан түркі әлемі мәдениетінің қара шаңырағы Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы ТҮРКСОЙ-ға тарту етілген қазақтың киіз үйінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шара барысында қазақ делегациясы қасиетті киіз үйдің сыйға тартылуы бүкіл түркі мемлекеттерінің бір шаңырақ астында бірлік пен ынтымақтастықта болсын деген ниет екенін атап өтті.
Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев Қазақстан ТҮРКСОЙ ұйымын құрушы елдердің бірі ретінде түркі әлемінің мәдени ынтымақтастығына ерекше мән беретінін айтты.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Қазақстанға бұл керемет сый-құрметі үшін алғыс білдіріп, «Ақтау – 2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында өткен 30-ға жуық ірі іс-шараларды жоғары бағалады.
Іс-шара барысында қонақтар Қазақстанның туристік жерлеріне арналған көрмені аралап, қазақ дастарханынан дәм татты.













