Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату келісімін 18 мамырға дейін ұзартты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Пәкістан Сыртқы істер министрі Исхақ Дар елі мен Үндістанның атысты тоқтату режимін 18 мамырға дейін ұзарту жөнінде уағдаласқанын хабарлады.
Исхақ Дар Парламентте сөйлеген сөзінде келісімге 14 мамырда екі елдің әскери операциялар күштері қолбасшыларының телефон арқылы сұхбаты барысында қол жеткізілгенін айтты. Дардың айтуынша, осындай алғашқы уағдаластық 10 мамырда өткен.
Исхақ Дар Пәкістан Парламентінің Жоғарғы Палатасына: “Әскери операциялар күштері қолбасшыларының 10 мамыр күнгі сұхбатында атысты тоқтату келісімі 12 мамырға дейін ұзартылды. Қолбасшылар 12 мамыр күні қайта сөйлесіп, атысты тоқтату келісімін 14 мамырға дейін ұзартты.
14 мамыр күнгі келіссөздер нәтижесінде атысты тоқтату режимі 18 мамырға дейін ұзартылды”, -деді.
Үндістан мен Пәкістан арасындағы жағдайдың ушығуына 22 сәуір күнгі оқиғада 26 туристің қаза табуы себеп болды. Бұл оқиға үшін Жаңа Дели Пәкістанды айыптады. Пәкістан бұл айыптауды теріске шығарды. Салдарынан екі ел арасындағы шекара жабылды.
7 мамырға қараған түні Үндістан мен Пәкістан бір-бірінің аумағына зымыранмен шабуыл жасады.



















