Үндістанның батысындағы Гуджарат штатында Чандипура вирусы жылдам таралуда.
Еуразия Тудейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Үндістанда Чандипура вирусын жұқтырудың 50 жағдайы тіркеліп, 16 адам қайтыс болды.
Гуджарат штатының Денсаулық сақтау министрі Рашикеш Пательдің айтуы бойынша, вирус жұқтырған үш адам басқа штаттардан келген. Гуджарат денсаулық сақтау министрі науқастарға дезинсекция және қарқынды терапия жүргізуді бұйырған.
Үндістанда Чандипура вирусының өршуі жиі байқалып тұрады. Мысалы, 2003 жылы вирусты 329 бала жұқтырған, оның ішінде 183 жағдай өліммен аяқталған.
Чандипура вирусы әлі толық зерттеліп бітпеген. Вирус масалардың, кенелердің шағуы арқылы таралады.



















