Амстердамда болған скифтердің алтын жәдігерлері Украинаға қайтарылды.
Барлығы 2 694 мәдени құндылықтар енді Украинаға жеткізілген. Кеденшілер оларды анықтап, мұражай қазынасына тіркеуге алады.
Алтын жәдігерлер Ресей түбекті басып алғанға дейін жеткізілген. Кейін Қырым музейі бұл құндылықтар оларға қарайтынын айтып, кері қайтаруды талап еткен. Алайда, Нидерланд соты басқаша шешім шығарды. 2021 жылы Амстердам апелляциялық соты Аллард Пирсон мұражайы скиф алтынын Украина мемлекетіне беруі керек деген шешім шығарды.
Ал өткен аптада Нидерландының Жоғарғы соты Қырым мұражайларының кассациялық шағымынан бас тартып, скиф алтынын Украинаға беруді жөн көрді.
Айта кетсек, Амстердамның апелляциялық соты Қырымнан келген «скиф алтыны» Украинаға тиесілі және Киевке берілуі керек деген шешім қабылдағаннан кейін Украина Президенті Владимир Зеленский «Скиф алтыны Украинаға оралады. Әділ шешім үшін сотқа ризамын. Біз әрқашан өзіміздікін қайтарамыз. Алдымен скиф алтынын, содан кейін Қырымды қайтарамыз», -деп мәлімдеді.



















