Украинаның Житомир облысында әскери тапсырмаларды орындау кезінде Украина әуе күштерінің L-39 екі жаттығу-әскери ұшағы соқтығысып, үш ұшқыш қаза болды.
Әуе күштерінің хабарлауынша, қаза болғандар арасында былтыр ақпан-наурыз айларында Киевтің әуе қорғанысына қатысып, танымал бола бастаған Украина тактикалық авиация бригадасының ұшқышы Андрей Пильщиков та бар.
Ол Украина және Батыстың ақпарат құралдарына берген сұхбатында Украинаға соңғы үлгідегі жойғыш ұшақтарын беруге талай үндеген.
Екі ұшақ жеке үйдің бау-бақшасына түскен. Тұрғын үй мен апат болған орын арасы шамамен шамамен 300 метр.
Жергілікті тұрғындардан ешкім зардап шекпеген.
Қазіргі таңда Украинаның мемлекеттік тергеу бюросы апаттың жай-жапсарын зерттеуде. Ұшақтардың техникалық жағдайы мен ұшқыштарды дайындау ережесін сақтау мәселесіне ерекше назар аударылмақ.
Айта кетсек, оқиға 25 тамыз, жұма күні әскери тапсырмаларды орындау кезінде орын алған.
![]()



















