Украинаның Харьков қаласында алғашқы жерасты мектебі салынады. Харьков қаласының әкімі Игорь Тереховтың хабарлауынша, нысан барлық қорғаныс талаптарына сай болмақ.
«Біз Украинада қорғаныс құрылыстарына қойылатын ең заманауи нормативтік талаптарға жауап беретін алғашқы жерасты мектебін салуды жоспарлап отырмыз. Мұндай баспана мыңдаған Харьков балаларына зымыран шабуылына қарамастан қауіпсіз жерде білім алуға мүмкіндік береді»,-деп жазады Игорь Терехов өзінің Telegram-арнасында.
Игорь Тереховтың сөзінше, бюджет қаражатының тапшылығына қарамастан, Харьков биыл да, келесі жылы да білім беру бағытындағы шығындарды қысқартпайды.
Анықтама: Харьков- Украинаның солтүстік-шығысында ораналсқан қала. Харьков облысының әкімшілік орталығы. Харьков- Украинаның негізгі көлік торабы. Еуропаның маңызды бағыттары қала арқылы өтеді.
Харьков- Украинаның негізгі мәдени орталықтарының бірі. Харьковты Украинаның ғылыми астанасы және студенттер қаласы деп атайды. Харьков еуропалық және әлемдік жарыстарда, сондай-ақ Олимпиада ойындарында спорттық таланттардың нағыз ұстаханасы болып саналады.



















