Eurasiatoday
Суббота, 21 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Ұлы сапар ұлағаты

  • Дiн
  • 3 июля, 2023 15:34

Loading

Араб тілінен аударғанда «қажылық» сөзінің тілдік мағынасы «қажылыққа бару», «дәлелдеу» дегенді, ал шариғи мағынасы «белгілі бір айларда арнайы жерлерде, нақты істермен зиярат жасау» дегенді білдіреді.

«Алланың үйін зиярат етуге шамасы жететін әрбір адам үшін қажылыққа бару – оның мойнындағы Алланың ақысы» дейді Жаратушымыз «Имран» сүресінің 97-аятында. Бұл аятта Құрбан айт кезінде жасалатын үлкен қажылықтың барша мұсылманға парыз екені айтылып тұр.

Жол сапарына мүмкіндігі бар, балиғат жасына жеткен әрбір мұсылман өмірінде бір рет қажылық парызын өтеуі керек. Шариғаттағы бес парыздың біріне жататын осынау парыз амалды бүкіл ғұмырында бір мәрте ғана өтесе болады. Бұл – адам баласына денесімен қоса дүниесімен бірлесіп жасалатын құлшылығы. Пайғамбарымыз (оған Алланның сәлемі мен салауаты болсын): «Ұмра мен ұмра арасында жасалған күнәлар кешіріледі. Ал қабыл болған қажылықтың сыйы – тек қана жәннат»,­­ – деген. Яғни құлшылығы қабыл болған мұсылманның Алладан алар сыйы – жәннат. Сондықтан адам баласы ұлы сапарға «Алла Тағаланың ризалығына бөленсем екен» деген бір ғана ниетпен барады.

Тақырыпқа орай:

Израиль Меккеге өзге ел атынан соққы жасау жоспарын дайындаған

Израиль Меккеге өзге ел атынан соққы жасау жоспарын дайындаған

16.11.2026

Қасиетті мекенге әлемнің түкпір-түкпірінен келген мұсылмандар дүниелік ойын бір сәт естен шығарып, зор ықыласпен құлшылық жасайды.

Қажылық сапарына барған мұсылмандар зәм-зәм суынан мейірлене шөлін қандырады. Исмайыл (оған Алланың сәлемі болсын) мен анасы Ажардың заманында пайда болған қасиетті бұлақтың суы Мекке мен Мәдина мешіттерінің бұрыш-бұрышына арнайы ыдысқа толтырылып қойылған. Ғасырлар бойы миллиондаған қажының таңдайын жібіткен, дүниежүзінің түкпір-түкпіріне таралып жатқан, әйтсе де ернеуі ортаймаған қасиетті бұлақтан дәм тату – тек мұсылман баласына ғана бұйырған несібе. Осынау ұлы сапарға келген адамдар ұлы ұстазымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті бойынша, сапарға Меккеге және Мәдина шаһарларына барады. Осы орайда Мекке қаласына сапарға шықпас бұрын, ол жақта орындалатын амалдарды толық үйреніп алған дұрыс.

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде білім алудың барша мұсылман ер мен әйелге парыз еткенін айтып кеткен. Бұл хадисті ғалымдар: «Балиғатқа жеткен мұсылманға намаз оқу қаншалықты парыз болса, намаздың шарттарын үйрену де соншалықты парыз болады. Тура сол секілді ораза ұстаушыға оразаның, зекет берушіге зекеттің шариғат білімін үйрену – парыз. Сол секілді қажылық парыз болған жанға қажылықтың міндет-шарттарын үйрену – парыз» деп түсіндіреді. «Ғылымсыз қылған ғамал – құр қиналу» дейді Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Бұл сапардың түпкі мақсаты мен мәні қасиетті жерді қызықтап қайту емес, Алланың алдындағы парызымызды өтеу болмақ. Сондықтан онда жасалатын ғибадатты қате-кемшіліксіз орындауға мұқият дайындалудың мәні зор. Сондай-ақ Исламның қайнар көзі болған мекеннің тарихымен алдын ала танысу, Мекке-Мәдина қаласын дін дұшпандарынан азат ету үшін қаншама тер төккенін білу, Мекке қаласындағы қасиетті Қағбаны тұрғызған әкелі-балалы пайғамбарлардың өмірімен танысу, хазіреті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаянын, Құран Кәрімнің алғашқы аяттарының түсуі, әлемдегі барша исі мұсылманның жүрегінің төрінен орын алған Ислам әлемінің кешегісі мен бүгіні жайлы мол мағлұмат алған жөн. Сонда бұл құлшылықтың аса тереңдігі мен мән-мағынасын сезінеміз.

Қажылық кезінде бай мен кедей, басшы мен қосшы, түр-түсі әртүрлі түрлі ұлт өкілдері бір сапта тұрып, бірдей ақ матаға оранып құлшылық жасайды. Бұл сурет Қияметте барша адам баласының бір мекенде жиналатынын білдіріп тұрған кіші белгі іспеттес. Он сегіз мың ғаламның Раббысы болған Алла Тағала барлық адамның бірдей, олар тек құлшылық амалымен ғана ерекшеленетінін сөзсіз ұғындырып тұрғандай. Меккеге сапар етіп барудағы хикметтің бірі – Алла Тағалның берген дәулетіне, денсаулығына шүкірлік білдіруде.

Меккенің сыңары болған Мәдина қаласы да Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арқасында берекелі әрі қасиетті мекенге айналды. Меккеге барған әрбір исі мұсылман Мәдинада жатқан Пайғамбарымыздың жеріне барып сәлем бермей кетпейді. Ол жерде де бірнеше күн тұрақтап, құлшылық жасайды. Себебі Мәдинада жасалған құлшылық мың есеге көбейетінін өсиет еткен.

Құдіреті шексіз Алла Тағала еліміздегі көптеген мұсылман бауырларымызға жыл сайын қажылық сапарын нәсіп етеді. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тауып, жүрегіне иман ұялаған қаншама қандасымыз араб жазирасына аяқ басуға ниетті. Ендеше отандастарымызға сапар сәттілігін тілеп, қабыл болған қажылықпен Отанымызға аман-есен оралуын тілеймін!

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: ҚажылықМәдинаМеккеҰмра
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Израиль Меккеге өзге ел атынан соққы жасау жоспарын дайындаған

Израиль Меккеге өзге ел атынан соққы жасау жоспарын дайындаған

16.11.2026
Эр-Рияд Меккеге жасалды деген шабуылды саяси қысым құралына айналдыруға тырысуда

Эр-Рияд Меккеге жасалды деген шабуылды саяси қысым құралына айналдыруға тырысуда

23.09.2026
Маликов: Меккеге хуситтер шабуыл жасады деген ақпарат жалған

Маликов: Меккеге хуситтер шабуыл жасады деген ақпарат жалған

22.09.2026
Мекке мұражайында қазақ тіліндегі аудиогид енгізіледі

Мекке мұражайында қазақ тіліндегі аудиогид енгізіледі

10.11.2025
Хаменеи: Ислам үмбеті үшін бірліктен артық игілік жоқ

Хаменеи: Ислам үмбеті үшін бірліктен артық игілік жоқ

05.05.2025
Сауд Арабиясы қажылыққа балаларды ертіп келуге тыйым салды

Сауд Арабиясы қажылыққа балаларды ертіп келуге тыйым салды

12.02.2025
Меккедегі қажылық кезінде қаза тапқандар саны артты

Меккедегі қажылық кезінде қаза тапқандар саны артты

24.06.2024
Иран елшісі: Қажылық-Тегеран мен Эр-Рияд қарым-қатынасының бір бөлігі

Иран елшісі: Қажылық-Тегеран мен Эр-Рияд қарым-қатынасының бір бөлігі

19.06.2024
Эр-Рияд: Біз Иранмен ынтымақтастықты жалғастыруға байыпты қараймыз

Эр-Рияд: Біз Иранмен ынтымақтастықты жалғастыруға байыпты қараймыз

12.06.2024

Басты жаңалықтар

Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

20.11.2026
Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026
Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

20.11.2026
Сомали билігі БАӘ елшісінен ел аумағынан кетуді сұрады

Сомали билігі БАӘ елшісінен ел аумағынан кетуді сұрады

20.11.2026
15 елдің СІМ басшылары Израильдің қоныстану саясатына қарсы санкцияларды құптады

15 елдің СІМ басшылары Израильдің қоныстану саясатына қарсы санкцияларды құптады

20.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026
15 елдің СІМ басшылары Израильдің қоныстану саясатына қарсы санкцияларды құптады

15 елдің СІМ басшылары Израильдің қоныстану саясатына қарсы санкцияларды құптады

20.11.2026
Қытай Иранға қатысты біржақты санкцияларды дереу жоюға шақырды

Қытай Иранға қатысты біржақты санкцияларды дереу жоюға шақырды

19.11.2026
Орталық Азия Парсы шығанағына қалай жол ашады?

Орталық Азия Парсы шығанағына қалай жол ашады?

19.11.2026
Пентагон қаражатты орынсыз жұмсау арқылы қауіпсіздікке нұқсан келтіруде

Пентагон қаражатты орынсыз жұмсау арқылы қауіпсіздікке нұқсан келтіруде

19.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Франциядағы тәртіпсіздік

Франциядағы тәртіпсіздік

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.