Венесуэла мен Түркия өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты дамытып, 2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымын 3 миллиард долларға жеткізуді жоспарлап отыр.
mk-turkey.ru сайтының хабарлауы бойынша бұл туралы Венесуэла Сыртқы істер министрі Иван Гил Пинто ресми сапармен Венесуэлада жүрген Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен келіссөздер қорытындысы бойынша мәлімдеді.
Министр екі ел президенттерінің нұсқауымен биылғы жылы тауар айналымын 800 миллион доллардан 3 миллиард долларға дейін арттыру керектігін айтқан министр Гил Түркиямен тау-кен өнеркәсібі, туризм, әуе көлігі саласындағы ынтымақтастықтың дамып келе жатқанын атап өтті.
Айта кетейік, Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан 2024 жылғы 24 ақпанда Венесуэла астанасы Каракасқа сапармен барды.
Хакан Фиданды Венесуэла президенті Николас Мадуро Каракаста қабылдады.
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Венесуэла Сыртқы істер министрі Иван Гилмен де кездесті.













