Ресей Президентінің көмекшісі Юрий Ушаков кеше, сейсенбі күні Эр-Риядта Мәскеу-Вашингтон келіссөздері аяқталғанын, Ресей мен Америка делегациялары арасындағы келіссөздердің жақсы ілгерілегенін айтты.
Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков Ресейдің Бірінші арнасына берген сұхбатта: «Менің ойымша, Ресей мен Америка қайраткерлері арасындағы келіссөз жаман болмады», -деді.
Еуразия Тудейдің РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Ушаков: «Қатысушы тараптар барлық мәселе бойынша шынайы сұхбаттасты.
Владимир Путин мен Дональд Трамп арасындағы отырыстан бұрын Ресей мен Американың жауапты тұлғалары шынайы талпыныс жасауы керек», — деді.
Ол бүгін таңертең және түсте өткен келіссөздердің алғашқы кезеңі аяқталғанын айтты.
Ушаков: «Ресей мен АҚШ басшыларының алдағы күндері кездесуі екіталай» деп, осы кездесудің нақты күнін белгілеу әлі қиын екенін айтты.
Мұның алдында Блумберг интернет сайты егжей-тегжейіне тоқталмастан, Ресей мен Америка жауапты тұлғалары арасындағы жүзеге асырылып жатқан келіссөздер Трамп пен Путиннің алдағы аптада Сауд Арабиясындағы кездесуі үшін негіз дайындайтынын айтты.
Кремль өкілі сұхбатының жалғасында: «Америка мен Ресейдің жоғары лауазымды тұлғалары арасындағы Эр-Риядта өткен келісссөздері аяқталды. Шамамен төрт жарым сағатқа созылды. Осы келіссөздер 7:30-да (GMT) басталған болатын.
Екі елдің келісімгер топтары Украина мәселесін талқылау үшін байланыс орнатады.
Біз өзіміздің принципті көзқарасымызды талқылап, түсіндіріп, екі жақтың келісімгер топтары Украина мәселесі бойынша ыңғайлы уақытта бір-бірімен байланысатындығына келістік.
Ресей мен Америка Эр-Рияд келіссөздері барысында бір-бірінің мүддесін назарға алуға, сонымен қатар екіжақты байланысты дамытуға келісті. Екі тарап та бұл іске бейілді.
Ресей мен Американың ұстанымдары бір-біріне жақындады деп айту қиын. Алайда Эр-Риядта бұл жөнінде сұхбат болды. Олар бір-біріне жақындап қалды деп айту қиын. Дегенмен біз бұл жөнінде сұхбаттастық. Біз басқалардың мүддесін ескеріп, екіжақты байланысты арттырамыз.
Америка мен Ресей басшылары арасындағы кездесудің алдағы күндері өтуі екіталай. Екі елдің делегациялары тығыз ынтымақтастық жасауы керек. Біз бұл іске әзірміз. Дегенмен арнайы бір кезең туралы, президенттердің кездесуі үшін нақты бір күнді айтуға әлі ерте. Екі мемлекеттің өкілдері президенттер арасындағы отырыс өтуі үшін жағдай қалыптастыру жолында серіктестік жасауда.
Келісімгер топқа кімнің қосылатыны туралы шешімді Путин қабылдайды. Әлі белгісіз. Алайда Америка мен Ресей президентері арасындағы отырыста қатысушылардың аты-жөндерінің тізімі ұсынылғанда, шешімді Путин қабылдайды», — деді.
Ол сонымен қатар Эр-Риядтағы Ресей мен Америка арасындағы келіссөздердің аяқталғанына тоқталып: «Ресей делегациясы Эр-Риядта сонымен қатар Арабстанмен байланысты мәселелерді де күн тәртібіне енгізеді», -деді.
Эр-Риядтағы келіссөздерге қатысқан Ресейдің Тікелей Инвестициялар Қорының атқарушы директоры Кирилл Дмитриев те Арабстан астанасында өткен Ресей мен Америка келіссөздерін өте жемісті деп бағалады: «Өте бір сындарлы сұхбат болды. Біздің алдымызда өте ұзын әрі маңызды жол жатыр. Бірақ бұл сындарлы келіссөздердің өте оң бастамасы. Мұнда көптеген байланыс жолдары мен көптеген таным жолы бар. Экономикалық жобалар – бізді-бір бірімізге қосатын оң жолдың бірі. Барлығы өте оң болды. Мұнымен қатар екі ірі ел — Ресей мен АҚШ бір-бірімен байланыс орнатпай тұра алмайды деген шындық туралы талқылау өтті», — деді.

















